Русский
Қазақша

«585 Золотой» маркетингтік акцияларының ережелері
(бұдан әрі – «Акциялар»).

2025 ж. 22 қаңтар
Акцияларды өткізу мақсаты
«585 Золотой» брендіне деген адалдықты қалыптастыру, назар аударту, тұтынушылық сұранысты ынталандыру және сатылым көлемін арттыру.
Акцияларды өткізу мерзімдері
Басталу күні: 2026 жылғы 01 сәуір
Аяқталу күні: 2026 жылғы 31 желтоқсан (UTC +5)
Акцияларды өткізу орны
Акциялар Қазақстан Республикасының аумағында «585 Золотой» зергерлік желісінің бөлшек сауда дүкендерінде өткізіледі.
"Акцияларды ұйымдастырушы «585 Золотой»"
«Артель 585» ЖШС
ҚР, Алматы қ., Медеу ауданы, Достық даңғылы, 210А үй, 52-кеңсе
БСН 231240006481
Акцияларға қатысушы
Акция ережелеріне сәйкес келетін және Акцияларға қатысу шарттарының барлығын орындаған жеке тұлға.
Акцияларға қатысуды растау
«585 Золотой» адалдық бағдарламасында тіркелген Қатысушының осы Ережелерге сәйкес әрекеттерді жасауы, бөлшек сауда дүкендерінде сатып алу кезінде Акцияларға қатысуға келісімін растайды.
«585 Золотой» адалдық бағдарламасының картасы (бұдан әрі – Клубтық карта)
Бұл – Қатысушының телефон нөміріне байланысты виртуалды тасымалдаушы, ол Қатысушыға бонустарды жинауға және пайдалануға, сондай-ақ https://585zolotoy.kz/ сайтында орналастырылған Адалдық бағдарламасы туралы ережеге сәйкес артықшылықтар алуға мүмкіндік береді.
Акциялар шарттары туралы ақпаратты ұсыну тәртібі мен тәсілі
Акциялар шарттары, өткізу ережелері, тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ Акцияны ұйымдастырушы туралы ақпарат Акциялар өткізу кезеңінде Ұйымдастырушы тарапынан «585 Золотой» ресми сайтында https://585zolotoy.kz/ ақпараттық-телекоммуникациялық желіде орналастыру арқылы жарияланады.
Акцияны өткізуге қатысты сұрақтарды +7 771 94 44 189 телефоны бойынша қолдау қызметіне хабарласып немесе «585 Золотой» зергерлік желісінің бөлшек сауда дүкендеріндегі сатушы-кеңесшілерден нақтылауға болады.
Акцияларды ұйымдастырушы ықтимал Қатысушыларды алдын ала хабардар етпей, Акциялар шарттарын, өткізу тәртібін және ұзақтығын өзгерту құқығын өзіне қалдырады.
"Қатысушыларға қойылатын талаптар Құқықтар мен міндеттер".
Акцияға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз бетінше сатып алу жасауға құқылы және осы Акция талаптарына сай келетін тұлғалар қатыса алады.
Қатысушылар әрекетке қабілетті, 18 жасқа толған (немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Акцияларға қатысу үшін қажетті жасқа жеткен) және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтар болуы тиіс.
Акцияларға қатысу фактісі Қатысушының осы Ережелермен танысқанын, оларды толық және сөзсіз қабылдайтынын және олармен толық келісетінін білдіреді.
Қатысушының құқықтары:
Акцияларды өткізу Ережелерімен танысу;
Осы Акцияларға қатысу немесе қатысудан бас тарту және «585 Золотой»-да қолданыстағы өзге ұсыныстарды пайдалану.
Қатысушының міндеттері:
Акцияларды өткізу Ережелерін сақтау;
Осы Акциялармен көзделген көлемде және тәртіппен өзі туралы қажетті ақпаратты ұсыну.
Ұйымдастырушының құқықтары:
Қатысушылардан Акцияларды өткізу Ережелерін сақтауды талап ету;
Қатысушының жасын және жеке басын куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ Қатысушы ұсынған ақпараттың дұрыстығын тексеру;
Акцияларды ұзарту немесе мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ олардың шарттарын өзгерту туралы шешім қабылдау.
Ұйымдастырушының міндеттері:
Акцияларды өткізу Ережелерін сақтау.
Ұйымдастырушы интернет желісіндегі әлеуметтік желілердегі ақаулар үшін, сондай-ақ олардың жұмысын қамтамасыз ететін ұйымдардың әрекеттері үшін жауапкершілік көтермейді.
Акцияларға қатысу шарттары
  1. Акцияға қатысу үшін «585 Золотой» адалдық бағдарламасында тіркелгенін растау немесе бағдарламаға қосылу қажет (жеке деректерді ұсыну арқылы тіркелу: ТАӘ, туған күні, телефон нөмірі, электрондық пошта);
  2. Акцияға қатысу үшін Қатысушы «585 Золотой» зергерлік желісінің бөлшек сауда дүкендерінде Акцияға қатысатын тауарларды таңдап, олардың құнын банк аударымы немесе дүкен кассасына қолма-қол төлеу арқылы төлейді;
  3. Акция бойынша тауарлар саны шектеулі;
  4. Осы Ережелермен белгіленген Акцияларды өткізу тәртібі, мерзімдері мен шарттары Қатысушыларды алдын ала хабардар етпей, біржақты тәртіппен өзгертілуі мүмкін;
  5. Осы Ережелерде көзделмеген барлық жағдайларда Акцияны ұйымдастырушы мен Қатысушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
«Витринадағы бағадан 40%» акциясының ережелері
  1. «585 Золотой» адалдық бағдарламасының Қатысушысы Акция өткізу кезеңінде «585 Золотой» бөлшек сауда дүкенінде өз бонус шотындағы бонустармен тауар құнының 40%-ына дейін төлей алады;
  2. Шарт Қатысушының шотында жеткілікті бонус болған жағдайда қолданылады;
  3. Есептен шығарылатын бонустар саны, оларды тауарды төлеу үшін қолдану мүмкіндігі және тауардың бар-жоғы туралы ақпаратты «585 Золотой» бөлшек сауда дүкеніндегі сатушы-кеңесшіден нақтылаңыз;
  4. Акция шектеулі мөлшердегі және ассортименттегі тауарларға қолданылады, оны «585 Золотой» зергерлік желісінің бөлшек сауда дүкендеріндегі сатушы-кеңесшіден нақтылауға болады;
  5. Акция бонустармен, штрихкодтармен, купондармен және Ұйымдастырушының басқа акцияларымен біріктірілмейді, сондай-ақ «ШОК», «ТОП», «ХИТ» жапсырмалары бар тауарларға қолданылмайды;
  6. «585 Золотой» адалдық бағдарламасының Қатысушысы Акция кезеңінде оған бірнеше рет қатысуға құқылы;
  7. Ұйымдастырушы Қатысушыларды алдын ала хабардар етпей, акция шарттарын, өткізу тәртібін және ұзақтығын өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Толық ақпаратты «585 Золотой» бөлшек сауда дүкендерінен, 585zolotoy.kz сайтынан және +7 771 94 44 189 телефоны арқылы білуге болады.
«1=2» акциясының ережелері
  1. «585 Золотой» адалдық бағдарламасының Қатысушысы Акция өткізу кезеңінде бір чекте (бір уақытта) екі акциялық бұйымды сатып алған кезде (кез келген сынамадағы алтын немесе күміс), құны төмен бұйымның бағасына тең мөлшерде жеңілдік ала алады;
  2. Жеңілдік қолданылатын тауарлардың ассортименті мен саны шектеулі, толық ақпаратты «585 Золотой» зергерлік желісінің бөлшек сауда дүкендеріндегі сатушы-кеңесшіден нақтылауға болады;
  3. Акция қосымша жеңілдіктермен, бонустармен, штрихкодтармен, купондармен және Ұйымдастырушының басқа акциялары мен ұсыныстарымен біріктірілмейді;
  4. Ш«585 Золотой» адалдық бағдарламасының Қатысушысы Акция кезеңінде оған бірнеше рет қатысуға құқылы;
  5. Ұйымдастырушы Қатысушыларды алдын ала хабардар етпей, акция шарттарын, өткізу тәртібін және ұзақтығын өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Толық ақпаратты «585 Золотой» бөлшек сауда дүкендерінен, 585zolotoy.kz сайтынан және +7 771 94 44 189 телефоны арқылы білуге болады.
«ШОК» жапсырмасы бар бұйымдарға 65% жеңілдік акциясының ережелері
  1. Акция өткізу кезеңінде «585 Золотой» бөлшек сауда дүкендерінде «585 Золотой» адалдық бағдарламасының Қатысушысына «ШОК» жапсырмасы бар шектеулі ассортименттегі әшекейлерге бұйым бағасының 65%-ы мөлшерінде жеңілдік берілуі мүмкін;
  2. Жеңілдік қолданылатын тауар саны шектеулі, толық ақпаратты «585 Золотой» зергерлік желісінің бөлшек сауда дүкендеріндегі сатушы-кеңесшіден нақтылауға болады;
  3. Акция қосымша жеңілдіктермен, бонустармен, штрихкодтармен, купондармен және Ұйымдастырушының басқа акциялары мен ұсыныстарымен біріктірілмейді;
  4. «585 Золотой» адалдық бағдарламасының Қатысушысы Акция кезеңінде оған бірнеше рет қатысуға құқылы;
  5. Ұйымдастырушы Қатысушыларды алдын ала хабардар етпей, акция шарттарын, өткізу тәртібін және ұзақтығын өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Толық ақпаратты «585 Золотой» бөлшек сауда дүкендерінен, 585zolotoy.kz сайтынан және +7 771 94 44 189 телефоны арқылы білуге болады.
Дербес деректерді пайдалану тәртібі
Қатысушы Акцияларды өткізу және оған қатысу мақсатында Ұйымдастырушы Қатысушының келесі дербес деректерін өңдейтінін түсінеді және келісімін береді: e-mail (электрондық пошта мекенжайы), тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, байланыс телефонының нөмірі.
Дербес деректерді өңдеу мақсаты: Акцияларды өткізу, сондай-ақ Ережелерге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жарнамалық материалдар мен хабарламаларды жіберу.
Ұйымдастырушы Қатысушылардың дербес деректері тек Акцияларды ұйымдастырушы немесе олар уәкілеттік берген, Акцияларды өткізуге байланысты құпия ақпаратты жария етпеу туралы келісім негізінде әрекет ететін тұлғалар тарапынан ғана пайдаланылатынына және Акцияларға қатысы жоқ мақсаттар үшін үшінші тұлғаларға берілмейтініне кепілдік береді.
Осы Акция Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508-II «Жарнама туралы» Заңының нормаларына сәйкес өткізіледі, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 46-тарауының мағынасында жария конкурс немесе лотерея болып табылмайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 495-V «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Заңының мағынасында лотерея болып табылмайды.
«585 Золотой» акциясының ережелері
Instagram әлеуметтік желісіндегі 585zolotoy_kz аккаунтында номиналы 100 000 (жүз мың) теңге болатын
«585 Золотой» сыйлық сертификатын апта сайын ұтысқа ойнату туралы
(бұдан әрі – «Ұтыс ойыны»).
Ұтыс ойынын өткізудің мақсаты
«585 Золотой» брендіне деген адалдықты қалыптастыру және назар аударту, сатып алушылар сұранысын ынталандыру және Қазақстан Республикасы аумағында сатылым көлемін арттыру.
Ұтыс ойынын өткізу мерзімдері
Байқау аясындағы әрбір оқиғаның басталу және аяқталу уақыты UTC +5 уақыт белдеуіне сәйкес айқындалады.
Ұтыс ойынын өткізу мерзімдері
Басталу күні: Ұтыс ойындары апта сайын сәрсенбі күні Instagram әлеуметтік желісіндегі «585zolotoy_kz» аккаунтында сайттың парақшасында https://www.instagram.com/585zolotoy_kz/
Ұтыс ойынын өткізу мерзімдері
Аяқталу күні: әр апталық Ұтыс ойыны сейсенбі күні 23:59-да аяқталады.
Осы Акцияның аяқталу күні: 2026 жылғы 31 желтоқсан.
Ұтыс ойынын өткізу орны
Интернет желісінде орналасқан Instagram әлеуметтік желісіндегі «585zolotoy_kz» аккаунты, мына сілтеме бойынша: https://www.instagram.com/585zolotoy_kz/ (бұдан әрі – «Аккаунтта»).
Ұтыс ойынын өткізу туралы ақпарат осы Қағидаларға сілтемесі бар жеке постты орналастыру арқылы Аккаунтта жарияланады
Ұтыс ойынын ұйымдастырушы «585 Золотой»
«Артель 585» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Медеу ауданы, Достық даңғылы, 210А үй, 52-кеңсе,
БСН 231240006481.
Ұтыс ойынына Қатысушы
Осы Қағидаларға сәйкес келетін және Ұтыс ойынына қатысудың барлық шарттарын орындаған жеке тұлға
Ұтыс ойынына қатысуды растау
Қатысушының Аккаунтта осы Қағидаларда белгіленген, оның Ұтыс ойынына қатысуға келісімін растайтын әрекеттерді жасауы. Ұтыс ойынына қатысу фактісі Қатысушының осы Қағидалармен танысқанын, Қағидалардың талаптарын толық әрі сөзсіз қабылдайтынын және олармен толық келісетінін білдіреді.
Ұтыс ойынының шарттары туралы ақпаратты ұсыну тәртібі мен тәсілі
Ұтыс ойынының шарттары, оны өткізу қағидалары, тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ Ұтыс ойынын ұйымдастырушы туралы ақпарат Ұтыс ойыны өткізілетін кезеңде Ұйымдастырушының Интернет ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі «585 Золотой» ресми сайтында: https://585zolotoy.kz/, сондай-ақ Instagram әлеуметтік желісіндегі «585zolotoy_kz» аккаунтында: https://www.instagram.com/585zolotoy_kz/ ақпарат орналастыруы арқылы хабарланады.
Акцияны өткізуге байланысты сұрақтарды +7 771 944 41 89 телефоны бойынша қолдау қызметі арқылы да қоюға болады.
Ұтыс ойынын ұйымдастырушы әлеуетті Қатысушыларды алдын ала хабардар етпей, Ұтыс ойынының шарттарын, өткізу тәртібін және ұзақтығын өзгерту құқығын өзіне қалдырады.
Қатысушыларға қойылатын талаптар. Құқықтары мен міндеттері
Ұтыс ойынына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз бетінше сатып алу жасауға құқылы және осы Ұтыс ойынының талаптарына сай келетін тұлғалар қатыса алады.
Қатысушылар әрекетке қабілетті, 18 жасқа толған (немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ұтыс ойынына қатысу үшін қажетті жасқа жеткен) және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтар болуы тиіс.
Ұтыс ойынына қатысу фактісі Қатысушының осы Қағидалармен танысқанын, оларды толық және сөзсіз қабылдайтынын және олармен толық келісетінін білдіреді.
Қатысушының құқықтары:
Ұтыс ойынын өткізу Қағидаларымен танысуға;
Ұтыс ойынының нәтижелері туралы ақпаратпен танысуға;
Ұтыс ойынына қатысуға, Ұтыс ойынына қатысудан бас тартуға немесе «585 Золотой»-да қолданылатын өзге де ұсыныстарды пайдалануға құқылы.
Қатысушының міндеттері:
Ұтыс ойынын өткізу Қағидаларын сақтауға;
өзі туралы осы Қағидаларда көзделген көлемде және тәртіппен қажетті ақпаратты ұсынуға;
Ұтыс ойынына қатысуға байланысты барлық шығыстарды (соның ішінде, бірақ онымен шектелмей, Интернет желісіне қол жеткізуге байланысты шығыстарды) дербес төлеуге;
Аккаунтта Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын, Ұйымдастырушының және кез келген үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын кез келген материалдарды (визуалдық, мәтіндік, графикалық, фотосуреттік, аудиовизуалдық және/немесе дыбыстық сипаттағы) жариялауға, орналастыруға немесе таратуға жол бермеуге міндетті.
Қатысушы үшінші тұлғалардың кез келген құқықтарын бұзуға байланысты келтірілген залалдар үшін дербес және өз есебінен жауап береді.
Ұйымдастырушының құқықтары:
Қатысушылардан Ұтыс ойынын өткізу Қағидаларын сақтауды талап етуге;
Қатысушының жасын және жеке басын куәландыратын, сондай-ақ Қатысушы ұсынған ақпараттың анықтығын растайтын құжаттарды тексеруге;
Қатысушы Қағидаларды бұзған жағдайда, оны Ұтыс ойынына одан әрі қатыстырудан және Жүлдені беруден бас тартуға;
Ұтыс ойынын ұзарту, мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ оның шарттарын өзгерту туралы шешім қабылдауға құқылы.
Ұйымдастырушының міндеттері:
Ұтыс ойынын өткізу Қағидаларын сақтауға;
осы Қағидаларда көзделген Жүлдені алу талаптарының барлығын орындаған және Жеңімпаз деп танылған Қатысушыға Жүлдені осы Қағидаларға сәйкес беруге міндетті.
Ұйымдастырушы Интернет желісіндегі, әлеуметтік желілер жұмысындағы іркілістер үшін, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйымдардың әрекеттері үшін жауапты болмайды.
Ұтыс ойынына қатысу шарттары
Ұтыс ойынына қатысу үшін Қатысушылар Арнада келесі әрекеттерді орындауы тиіс:
Интернет желісіндегі Instagram әлеуметтік желісінде https://www.instagram.com/585zolotoy_kz/ мекенжайы бойынша орналасқан «585zolotoy_kz» аккаунтына «Жазылу» батырмасын басу арқылы жазылу;
Ұтыс ойынының бүкіл қолданылу мерзімі ішінде Аккаунтқа жазылған болып қалу. Егер Қатысушы Ұтыс ойыны қолданылатын кезең ішінде Аккаунттан жазылымнан шықса, Ұтыс ойынының шарттары орындалмаған болып есептеледі және мұндай Қатысушы Жеңімпаз деп таныла алмайды;
Ұтыс ойыны өткізілетін кезеңде және Жеңімпаз Жүлдені алған сәтке дейін Қатысушының профилі хабарламалар қабылдау үшін ашық болуы тиіс. Профилі жабық, сондай-ақ Ұйымдастырушының оларға жеке хабарлама жіберу мүмкіндігі болмаған пайдаланушылар Ұтыс ойынына қатысуға жіберілмейді және Жүлдені алуға құқылы болмайды. Мұндай жағдай туындаған кезде Ұйымдастырушы өз қалауы бойынша Жеңімпазды қайта анықтауға немесе жүлдені талап етілмеген деп тануға құқылы;
Қатысушының Instagram әлеуметтік желісіндегі профилі жеке профиль болуы тиіс (компаниялардың профильдерінің қатысуына жол берілмейді), сондай-ақ Ұйымдастырушының Жеңімпазбен байланыс орнатуы үшін ашық қолжетімді болуы қажет;
Егер Қатысушының Instagram әлеуметтік желісінде жеке профилі болмаса, онда Ұтыс ойынына қатысу үшін Instagram әлеуметтік желісінің нұсқаулықтарына сәйкес тіркеуден өту қажет;
Егер Жеңімпаз деп танылған Қатысушының Ұтыс ойынына қатысу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті жасқа толмағаны анықталса, не Қатысушы осы Қағидалардың талаптарын орындамаса, не Қатысушы Жеңімпаз деп жарияланғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Ұйымдастырушымен байланысқа шықпаса (осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен), мұндай Қатысушы Жүлдені алу құқығынан айырылады;
Осы Қағидаларда көзделмеген барлық мәселелер бойынша Ұйымдастырушы мен Ұтыс ойынына Қатысушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
Жүлде қоры
Жүлде қоры 31 (отыз бір) Жеңімпазға арналған номиналы 100 000 (жүз мың) теңге болатын 31 (отыз бір) электрондық сыйлық сертификатынан (ЭСС) тұрады.
ЭСС пайдалану шарттарымен 585 Золотой сайты арқылы мына мекенжайда танысуға болады: https://585zolotoy.kz/;
ЭСС Жеңімпаздың электрондық поштасына хат арқылы немесе Instagram желісіндегі директіне жіберіледі;
ЭСС қолданылу мерзімі сертификаттың өзінде көрсетіледі;
Жүлде қоры Ұйымдастырушының шешімі бойынша өзгертілуі мүмкін;
Жүлде құнының ақшалай баламасы, оның ішінде Жеңімпаз Жүлдені алудан бас тартқан немесе оны алу мүмкін болмаған жағдайда, төленбейді;
Жүлделер айырбастауға жатпайды.
Жеңімпазды айқындау тәртібі
Конкурсты Ұйымдастырушы осы Қағидаларда белгіленген Ұтыс ойынының барлық талаптарын орындаған Қатысушылар арасынан Жеңімпазды айқындайды;
Жеңімпазды айқындауға Ұйымдастырушы Аккаунтының жаңа да, қолданыстағы да (бұрыннан жазылған) жазылушылары осы Қағидалардың барлық талаптарын сақтаған жағдайда жіберіледі. Жеңімпазды таңдау сәтінде Қатысушы Ұйымдастырушы Аккаунтының жазылушысы болуы тиіс;
Жеңімпазды таңдау Конкурс талаптарына сәйкес келетін барлық Қатысушылар арасында Getwinner сервисін (рандомайзерді) пайдалану арқылы кездейсоқ тәсілмен жүзеге асырылады;
Жеңімпазды таңдау нәтижелері Ұйымдастырушының Аккаунтында Жеңімпаздың аты-жөнін (Instagram әлеуметтік желісіндегі никнеймін) көрсете отырып жарияланады;
Бір Қатысушы Конкурс өткізілетін бүкіл кезең ішінде Жүлдені тек бір рет қана ала алады. Егер кезекті таңдау нәтижесінде бұрын осы Конкурстың Жеңімпазы деп танылған Қатысушы қайтадан анықталса, мұндай Қатысушы тиісті Жүлдені ұтып алу рәсімінен шығарылады, ал Ұйымдастырушы жаңа бірегей Жеңімпаз анықталғанға дейін Getwinner сервисін пайдаланып қайта таңдау жүргізеді;
Жеңімпаз осы Қағидаларға сәйкес Жүлдені алуға құқылы.
Жеңімпазға Жүлдені беру тәртібі
Ұйымдастырушы «585zolotoy_kz» аккаунтында айқындаған Жеңімпазға Жүлдені беру тәртібі:
Ұтыс ойынының қорытындылары жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде (яғни Ұтыс ойыны жарияланған пост астында Жеңімпаз белгіленген пікір жарияланған сәттен бастап) Жеңімпаз Instagram директі арқылы Ұйымдастырушымен байланысуға және Жүлдені алу үшін қажетті деректерді арнайы нысанды толтыру арқылы ұсынуға міндетті. Кері жағдайда Жеңімпаз Жүлдені алу құқығынан айырылады;
Көрсетілген нысан толтырылғаннан кейін 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде Ұйымдастырушы нысанда Жеңімпаз көрсеткен электрондық пошта мекенжайына акт жібереді;
7 (жеті) жұмыс күні ішінде Жеңімпаз қабылдау-тапсыру актісін толтырып, онда қажетті дербес деректерді (тегі, аты, әкесінің аты, жеке куәлік немесе паспорт деректері) көрсетіп, жауап хатпен Ұйымдастырушыға жолдайды;
Электрондық сыйлық сертификатын Ұйымдастырушы Жеңімпаздан сұратылған деректерді алған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде (жоғарыда сипатталған тәртіппен) электрондық пошта арқылы жібереді.
Талап етілмеген Жүлдені сақтау тәртібі және Жүлдені алу мерзімінің өтуі
Ұйымдастырушы Жүлделерді Ұтыс ойынының қорытындылары шығарылып, Жеңімпаз жарияланған күннен бастап 1 (бір) ай бойы сақтайды. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін Жүлде талап етілмеген деп есептеледі және Ұйымдастырушы оны осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз қалауы бойынша пайдалана алады.
Ұйымдастырушы талап етілмеген Жүлделер бойынша қосымша ұтыс ойынын өткізуге құқылы.
Дербес деректерді пайдалану тәртібі
Қатысушы Акцияны өткізу және оған қатысу мақсатында Ұйымдастырушы Қатысушының келесі дербес деректерін өңдейтінін түсінеді және соған келісім береді: электрондық пошта мекенжайы (e-mail), тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, байланыс телефонының нөмірі.
Дербес деректерді өңдеудің мақсаты — Акцияны өткізу, осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес хабарламалар жіберу.
Ұйымдастырушы Қатысушылардың дербес деректері тек қана Акцияны Ұйымдастырушының өзі немесе Акцияны өткізуге байланысты құпия ақпаратты жария етпеу туралы келісімдер негізінде әрекет ететін уәкілетті тұлғалар арқылы пайдаланылатынына және Акцияны өткізуге қатысы жоқ мақсаттар үшін өзге үшінші тұлғаларға берілмейтініне кепілдік береді.
Осы Акция Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508-II «Жарнама туралы» Заңының нормаларына сәйкес өткізіледі, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 46-тарауы мағынасындағы жария конкурс болып табылмайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 495-V «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Заңы мағынасындағы лотерея болып табылмайды.
Сенім телефоны +7 771 94 44 189
2012 – 2026 © 585 зергерлік желісі. Барлық құқықтар қорғалған.
Осы бетте орналастырылған ақпарат жария оферта болып табылмайды.